+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Наталья Нагачевская: Алғыс айту күні-барлық қазақстандықтар үшін бірегей мереке

2021 жылғы 25 ақпан 15:47
Бөлісіңіз:
Наталья Нагачевская: Алғыс айту күні-барлық қазақстандықтар үшін бірегей мереке

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алғыс айту күні қазақстандықтар үшін мағынасы терең және рухани қуанышқа толы бірегей мереке болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін Қазақстанда 7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді Қазақстанда жаңа мереке аталып өтеді

Бұл туралы «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наталья Нагачевская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мереке елімізде тұратын этностардың бірлігін, ынтымағын және достығын көрсетеді. Менің атам мен әжем, мыңдаған поляктар сияқты Сталиндік режимнің құрбанына айналып, 1936 жылы Қазақстанға күштеп жер аударылған алғашқылардың бірі. Қазақтар сол уақытта ашаршылықты басынан өткеріп жатқанына қарамастан, оларға жанашырлық танытып, бір үзім нанымен бөлісті. Олар Еуропадан жер аударылғандарды Азияның қатаң, иен даласында өмір сүруге үйретті. Бір-бірінің тілін білмеу қарым-қатынаста маңызды кедергі болған жоқ, адамдар үшін басты нәрсе-күнделікті мәселелерді шешуде өзара түсіністік пен ынтымақтастық, жанашырлық сезімі және қиын уақытта көмекке келу мүмкіндігі болды.

Поляктар аман қалды, өздерін сақтап қалды және бізге келісім ретінде, жанға бай адамдарға, қуғын-сүргін кезінде көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Қазақтармен бірге көрші тұрдық, балаларымызды, немерелерімізді өсірдік, ауыр еңбек еттік, қарттармызды құрметтеп, жастармызды қолдап, бірге ренжіп, бірге қуандық. Біз бір - бірімізден көп нәрсені үйрендік», - дейді Наталья Нагачевская.

Бүгін біз еркін елде тұрамыз, бүкіл әлем біз үшін ашық. Біз қазақтармен, кәрістермен, немістермен, ингуштармен және басқа да этностармен қатар өмір сүріп, балаларымыздың болашағы - біздің тәуелсіз Қазақстанымызды бірге құрамыз.

«Мен қазаққа келінмін. Бүгінгі таңда күйеуім екеуіміз екі халықтың ең жақсы қасиеттерін бойына дарытқан екі ұлды тәрбиелеп отырмыз.

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары менің өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Мен өз отбасыма қайталанбас поляк дәмін ұсындым. Менің күйеуімнің үлкен тату отбасы көпұлтты Қазақстан халқын бейнелейді, өйткені онда украиндар, поляктар және немістер де бар.

Керемет мереке - Алғыс айту күні қарсаңында мен ата-анама, күйеуіме бақытты отбасы мен әдемі балалары үшін алғыс айтқым келеді.

Мен облыс тұрғындарына қайталанбас жылы атмосфера үшін, Елбасымыз және Президентімізге Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үшін алғысымды білдіремін», - деп түйіндеді Наталья Нагачевская.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT