Науқастардың ішінде ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп – Ажар Ғиният

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда коронавируспен ауырып емханаға түскендердің ішінде ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп. Халықаралық нейрохирургия форумының кулуарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде туризмнің жандануына байланысты, балалардың жазғы демалысқа, қазақстандықтардың шетелдерге шығып жатқанына немесе өңірлер арасындағы миграцияға байланысты бұл ауру ауамен таралатын вирустық инфекция болғандықтан кеңінен таралу қаупі бар. Сондықтан бүкіл қазақстандықтардан дер кезінде вакцинация немесе ревакцинация алып, өздерінің де денсаулықтарын қорғап жүруін сұраймыз», - дей келе, Ажар Ғинияат Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ахуалға ерекше тоқталды.

«Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп жатқан аурулардың анамнезін қарасақ, 80 пайызы ревакцинацияның уақыты келген азаматтар немесе вакцинация алмағандар екенін байқап отырмыз. Сондықтан денсаулықтарыңызды қорғап, өздеріңіздің емханаларыңызға барып, екпе алғандарыңыз жөн. Қазіргі таңда бізде вакцинаның қажетті түрлерінің бәрі бар», - деді министр.

Аталмыш шарада Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда маска режимін енгізу ықтималдығы туралы пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар