Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша кемінде тағы 2 озық өңірлік оқу орны ашылады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы 2 есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде 2 озық өңірлік оқу орны ашылады» - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар