«New Music Generation 2020» II халықаралық композиторлар конкурсы онлайн режимде өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның классикалық музыка әлеміндегі айтулы оқиға - «New Music Generation 2020» II халықаралық композиторлар конкурсы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «New Music Generation 2020» II халықаралық композиторлар конкурсы 16-21 қараша аралығында Нұр – Сұлтан қаласында онлайн режимде өтеді.

Шараның мақсаты - қазіргі заманғы академиялық музыканы оның барлық алуан түрлілігімен дәріптеу; ж ас композиторлардың шығармашылығына қолдау көрсету және насихаттау; қ абілетті және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, әлемдік қоғамдастық жүйесінде Қазақстанның мәдени имиджін одан әрі нығайту; Қазақстанда және әлемде жалпы композиторлық деңгейді арттыру; ж ас музыканттар мен композиторларды жаңа композиторлық техникаларды оқып үйренуге және барлық жаңа мүмкіндіктер мен мәнерлі құралдарды меңгеруге ынталандыру; б арлық мамандықтағы жас композиторлар мен музыканттардың ой-өрісін және шығармашылық дүниетанымын кеңейту.

Конкурстың ерекшелігі - анонимділігі (барлық қатысушылар өз партитураларын фамилиясымен емес, жеке ұранымен-құпия сөзімен ұсынады), бұл жұмыстарды қарау кезінде әділдікті және объективтілікті қамтамасыз етеді. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы шығарылғаннан кейін ғана лауреаттардың жеке деректері ашылады.

Конкурс келесі номинацияларда өткізіледі:

«Симфониялық туынды» (солистпен немесе солистермен, оның ішінде вокалистермен немесе вокалистерсіз)

«Камералық шығарма» (соло аспаптан бастап солистердің үлкен ансамбліне дейін)

«Вокалдық шығарма» (әншілердің саны шектелмеген, аспаптық сүйемелдеумен немесе сүйемелдеусіз).

Конкурсқа үш жас тобы бойынша композиторлар қатысады:

Бірінші топ-15 жасқа дейін;

Екінші топ – 15 жастан 25 жасқа дейін;

Үшінші топ – 25 жастан 35 жасқа дейін.

Конкурсқа әлемнің 22 елінен (Франция, Германия, Италия, Испания, Австрия, Бельгия, Чехия, Қытай, Аргентина, Чили, Филиппин, Румыния, Греция, Сербия, Жаңа Зеландия, Финляндия, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Литва), 160-тан астам партитура, 98 конкурсант ұсынылды.

Қазылар алқасы мүшелерінің партитураларды қарауы алғаш рет онлайн өткізіледі.

Қазылар алқасының құрамында қазіргі заманның озық композиторлары, жаңа музыка мен авангардты ойлаушылар мен жасаушылар, көрнекті өнер қайраткерлері бар.

Қазылар алқасының құрамы:

Рахат-Би Абдысағин – қазылар алқасының төрағасы және көркемдік жетекшісі. Композитор, пианист, 2 опера және 100-ден астам классикалық музыка туындыларының авторы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.И. Чайковский атындағы конкурс жұлдыздары қауымдастығының мүшесі. Қазақстанның «100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы.


Соңғы жаңалықтар