Ниццадағы шабуылдан екі адам мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ниццада қылмыскер азаматтарға пышақпен шабуыл жасап, екі тұрғынды өлтірді, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Кейбір деректерге қарағанда қылмыскер бір әйелдің басын кесіп алған. Қылмыс бейсенбі күні таңертең Нотр-Дам шіркеуі маңында жасалған.

Ницца мэрі Кристиан Эстрози оқиғаны теракт деп мәлімдеді. Ол Twitter-дегі парақшасында күдікті адамның ұсталғанын жазып, құқық қорғаушыларға жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.

Елдің ІІМ-де оқиғаны тергеу үшін дағдарыс штабы құрылды.


Соңғы жаңалықтар