+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Нидерландыда карантин талабын бұзғандарға жазаны қатайту ұсынылды

2021 жылғы 17 сәуір 09:55
Бөлісіңіз:
Нидерландыда карантин талабын бұзғандарға жазаны қатайту ұсынылды

БРЮССЕЛЬ-ГААГА. ҚазАқпарат – Нидерландыға келіп, карантин талаптарын бұзған саяхаттаушыларға 435 еуро көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 3,3 мың адам ауруханада жатыр 1 661 609 қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 803 адамның жағдайы ауыр

Нидерландының Денсаулық сақтау министрлігі парламентке коронавирустың тарау деңгейі бойынша «қызыл» және «сары» аймақтағы елдерден келіп, карантин талаптарын бұзған азаматтарға қолданылатын жазаны қатайтуды қарастыратын заң жобасын ұсынды.

Егер Парламент депутаттары Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын бекітсе, өзгерістер биылғы жылдың 15 мамырынан бастап күшіне енеді.

435 еуро көлемінде айыппұл салу, істі болды дегенді білдіреді. Қазіргі таңда әлем елдерінің басым бөлігі кіріп отырған «қызыл» немесе «сары» аймақтағы елдерден келген адамдар 5 тәуліктен соң ПТР тестінің теріс көрсеткіші болмаса 10 тәулікке карантинге жатқызылуы керек.

Алайда осы жағдайға жүргізілген зерттеу жұмыстары санитарлық талаптарды шетелге шығып қайтқандардың тек әрбір бесіншісі ғана орындайтынын көрсетті.

«Біздің саяхатқа шығатын мүмкіндігіміз бар, алайда біз шекара асқандардың елімізге мутацияланған вирустарды әкеліп жатпағанына сенімді болуымыз керек»,-деді Нидерландының Денсаулық сақтау министрі Де Йонг.

Саяхаттаушылардың карантиндік декларациясы болуы керек. Онда олардың карантинде қай жерде болатыны көрсетіледі. Тексеру телефон арқылы жүргізіледі немесе жергілікті кеңестер шетелден келген азаматтардың карантин талаптарын сақтап жатқандығын білу үшін арнайы лауазым иелерін жіберуі мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT