14:37, 03 Наурыз 2021 | GMT +6
Нигерияда қарулы топ 50 адамды ұрлап кетті
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Нигерияның батысында бандалар 50 жолаушыны ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат нигериялық Arise телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, қарулы топ 2 наурыз күні Нигер штатында Тегина мен Минна қалаларын байланыстыратын жолды жауып тастаған. Бұзақылар бірнеше көлікті тоқтатып, 50-ге жуық жолаушыны өздерімен бірге алып кеткен. Билік өкілдері ұрылармен байланысқа шығу үшін тергеу жүргізіп жатыр.