Нобель сыйлығының лауреаты Қазақстан студенттерімен кездесу өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс Нобель фестивалі аясында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен студенттері алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға белгілі қазақстандық сарапшылар мен саясаткерлер де қатысты. Жиынды экономика мен инвестиция саласындағы сарапшы Марат Бірімжан жүргізді. Жиын С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да ұйымдастырылды.

Майкл Спенс әлемдік деңгейде экономика саласын зерттеген тұлға. Және оның біршама тұжырымдары экономиканың негізгі салаларына едәуір тиімді өзгерістер әкелген.

Жиындағы негізгі тақырып – үлкен өзгерістердің жаңа дәуірі хақында болды.

Оның ішінде «Жаһандық экономиканың жаңа дәуірі: цифрлық революция, энергияның ауысуы, климат және полюстерінің кері кетуі мен әлемді үрейлендірген COVID-19 пандемиясы салдарынан экономиканың қайта түлеуі» бойынша да пікірталас ұйымдастырылды.

Сонымен бірге Нобель сыйлығының лауреаты бүкіл әлем үшін, Қазақстан мен Орталық Азия үшін де экономикалық дамуға қажетті маңызды көрсеткіштерін айтып, қысқаша талдап өтті.

Сарапшылар мен көрермендер, жаһандық экономика, цифрлық даму, энергетикалық өсу, экологиялық оңалу мен ауыл шаруашылығы және азық-түлік секторындағы жаңа үрдістер бойынша да түйткілді мәселелерді ортаға тастауға мүмкіндік алды.

Сарапшыға «Әлемнің дамуындағы негізгі тәуекелдердің бірі – азық-түлік саласы мен оның дағдарысы болмақ. Сіздің ойыңызша, климаттың өзгеруі мен халықтың өсуін ескере отырып, бұл процесс қаншалықты нашарлауы мүмкін?» деген сұрақ қойылды.

Өз кезегінде Доктор Майкл Спенс азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, әлемді аштықтан қорғау үшін бүгіннен бастап еңбектену керектігін айтты.

Ғалымдар жан-жақты мәселе көтеріп, ғаламдық жылынудың алдын алып, адамнан өзге техниканы да икемдегені абзал екендігін баса айтты.

Айта кетейік, Нобель фестивалі шарасына ҚазАТУ мен G-Global халықаралық хатшылығы демеушілік танытып отыр.


Фото: 24.kz

Соңғы жаңалықтар