19:58, 27 Маусым 2020 | GMT +6
«Номад» хоккей клубының бас бапкері тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Номад» хоккей клубының бас бапкері лауазымына Александр Высоцкий тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәліметінше, Александр Высоцкий 9 жыл бойы «Барыс» хоккей клубында жұмыс істеген. Халықаралық деңгейде, сонымен қатар құрлықтық, халықаралық, жоғары хоккей лигаларында жұмыс істеу тәжірибесі бар.
Ол соңғы 6 маусымда «Снежные Барсы» хоккей клубының штабында және Қазақстанның жастар құрамасында жұмыс істеген. Өткен маусымның соңында Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Астана» хоккей клубының бас бапкері болған еді.