Норвегия коронавируспен күреске дайын

None
None
ОСЛО. ҚазАқпарат – Норвегияның денсаулық сақтау органдары коронавируспен күреске тас-түйін дайын отыр. Олар бұл індет ерте ме, кеш пе, Норвегияға да келуі мүмкін екендігін айтады.

Мұндай мәлімдеме Корольдіктің Қоғамдық денсаулық сақтау институтында жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Институт профессоры Пребен Овитсландтың айтуынша, әлем жаңа вируспен қалай күресу керектігін білмейді. Ал созылмалы аурулары бар адамдардың індеттен мерт болу қаупі дені сау адамдарға қарағанда өте жоғары. Соған қарамастан норвегиялықтар індеттің қауіп тудыра қоймайтынына сенімді. Қазіргі уақытта Қытайдан келген норвегтер мен Норвегиядағы қытайлық туристер, жалпы 75 адам вирустың бар-жоғын анықтайтын тесттен өтіп, ешқайсысынан індет белгілері табылмады. Сонымен бірге, Норвегия СІМ қытайлық Хубэй провинциясына және жалпы Қытайға барудан бас тарта тұрған дұрыс деп есептейді.

Норвегия билігі азаматтардың Гонконг пен Макао, қытайлық Тайбэйдің арнайы әкімшілік аудандарына баруына қарсы емес.


Соңғы жаңалықтар