Норвегияда Наурыз мейрамы атап өтілді

None
None
СТАВАНГЕР. ҚазАқпарат - Норвегияның мұнайлы астанасы - Ставангер қаласында Наурыз мейрамына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің көмегімен Ставангерде отандастарымыздың басын қосқан «NORKAZ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік шараға қазақ диаспорасы, норвегиялық бизнес қауымдастығының өкілдері және викингтер жерінде тұратын және жұмыс істейтін отандастарымыздың көптеген достары қатысты.

Көктем мерекесіне арналған құттықтау лебіздерін алғашқы болып «NORKAZ» қоғамдық қорының басшылары Ләйлә Мұқышева мен Бақытжан Қалиев, Норвегиядағы Қазақстан істерінің уақытша сенімді өкілі Ілияс Омаров, Қазақстандағы Норвегияның алғашқы құрметті консулы Пэр Риттердал білдірді. null

Қазақстандық дипломаттар мыңдаған жылдар бойы мерекеленіп келе жатқан мейрамның дәстүрі, оның халықаралық мазмұны жөнінде айтып, ЮНЕСКО көктемнің бұл мерекесін ғаламшардың Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізгенін атап өтті. 2010 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған қарарға сәйкес, дүниежүзілік қауымдастық жыл сайын Халықаралық Наурыз мерекесін атап өтеді.null

Мереке қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Ставангер хоры Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, 7 жастағы Әли Қизатбай дәстүрлі норвег кейіпкері туралы «Ola Nordman» әнін шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.null

Бұдан бөлек қонақтар арнайы әзірленген дәстүрлі наурыз көже мен басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты.null

Сондай-ақ, Наурыз мейрамы туралы викториналық сұрақтар қойылып, ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.



Авторы Арсен Дилим

Соңғы жаңалықтар