Нұр-Cұлтанда құрылыс нысандарының бірі карантинге жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда құрылыс нысандарының бірі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Скрининг барысында құрылыс компаниясының инженерінен коронавирус анықталған. Алгоритмге сәйкес, құрылыс компаниясының 600-ден астам қызметкері сынақтан өтіп, 63 адамда коранавирус расталған. Олардың бәрі қазір стационарда. Әкімдік барлық аумақ дезинфекцияланғанын жариялады.

«21 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 10 нысан карантинде. Нұр-Сұлтанда барлығы 1 403 короонавирус жағдайы тіркеліп, 633 науқас емделіп шықты. Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп күнделікті негізде нысандардың санитарлық нормаларды сақтауы бойынша рейд жүргізеді. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін елордада 25 нысан жабылды. Олардың ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, кафелер, мейрамханалар бар. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар ашылмайды. 150 кәсіпорын ескерту алды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар