Nur Otan мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қала тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа жыл мерекесі күндері қалалық мәслихат депутатына кандидат Гүлден Иманғалиева мен Кирил Осин 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Гүлжамал Орынбаеваның үйіне барды.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлжамал Орынқызы 1984-1988 жылдары Алматыдағы Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқыған. Желтоқсанның қатал күндерінде ол көптеген студентпен бірге өз пікірін білдіру үшін алаңға шықты.

Бүгінде Гүлжамал Орынбаева 30 жылдан астам үздіксіз еңбек өтілі бар педагог. Осы жылдар ішінде ол Ақтау мен облыстағы олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың көптеген жүлдегерлерін тәрбиеледі. Алдына келген оқушыны білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбиесін берді. Кездесу барысында ұстаз студенттік жылдары мен ызғарлы желтоқсанның сол бір ауыр оқиғасын баяндап, бүгінгі бейбіт заманның қадірін тілге тиек етті. Партия мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуге зор көңіл бөлсе екен деген аманатын жеткізді.

Штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының қазіргі қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді қолдайтынын атап өтті.

Ақтауда 20-дан астам ұлт өкілі тұрады. Барлық этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа, әдемі ғимаратында орналасқан.

«Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру жұмысын жалғастырамыз«, - деп атап өтті штаб мүшелері.

Бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін партия 2025 жылға дейін көптеген міндет қойды. Оның ішінде мемлекеттік тілді дәріптеу, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға жәрдемдесу. Жыл сайын Ақтауда 100 мәдени шара өткізіледі. 2023 жылы 19-ға жуық ауданда театр, кітапхана және мұражай құрылысы аяқталады.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді


Соңғы жаңалықтар