«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Дауыл Бейсенқұлов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызметке жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарды ұжымға «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.

«Дауыл Ынтықбайұлын сіздер жақсы білесіздер. Еңбек жолын Жамбыл ауданының аппаратынан бастап, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметін атқарған.

Партиялармен, мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Дауыл Бейсенқұлов әр жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратында, аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылдың 4 мамырынан Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев партия облыстық филиалының ұжымымен кездесуде партия қатарын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен толықтыру мәселесін көтерді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Балабек Нарбаев партияның орталық аппаратына денсаулық жағдайына байланысты қызметтен кету туралы өтініш түсірген болатын.


Соңғы жаңалықтар