+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

«Nur Otan» партиясының хатшысы ақтөбелік кандидаттармен кездесті

2020 жылғы 19 қыркүйек 20:27
Бөлісіңіз:
«Nur Otan» партиясының хатшысы ақтөбелік кандидаттармен кездесті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Партия хатшысы Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының мүшесі Ерлан Саировпен бірге Ақтөбе облысына келіп, кандидаттармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Праймериз кезінде жастардың баспаналы болуы, олардың саяси өмірге араласуы жиі көтерілді. Кандидаттар қазіргі үгіт-насихат кезінде жастарға қатысты халықтан түскен сұрақтарды ұсыныс ретінде «Жастар – Отанға!» бағдарламасына енгізулері мүмкін.

«Қазіргі үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде беріп отырған ұсыныстарыңыздың бәрі сол бағдарламаға кіруі керек. Бағдарлама қыркүйек-қазан айларында талқыланады. Сондықтан мақсат партиялық тізімге кіру ғана емес, ұсынысты бағдарламаға енгізу болуы тиіс», – деді партия хатшысы. Оның айтуынша, «Jas Otan» жастар қанаты жол картасына 216 жобасын әзірленді. Онда әрбір өңір, қала және аудан бойынша жастардың негізгі проблемаларын шешуге қатысты нақты шаралар көрсетілген. Қазақстандық жастар аталған құжатпен танысып қана қоймай, сонымен қатар jasotan.kz және primaries.kz сайттары арқылы ұсыныстарын жолдай алады.

Сондай-ақ партия хатшысы мәслихаттарда әйел адамдардың үлес салмағы 12 пайыздан аспайтынын жеткізді. Соңғы 2-3 жылда көпбалалы аналардың мәселелері жиі көтерілген. Партия хатшысы отбасы құндылықтарына қатысты осындай мәселелердің шешілуі үшін әйел адамдардың мемлекеттік органдарда, әйелдерге қатысты комиссияларда көбірек болуы қажет екенін айтты. Іссапардың екінші күні партия хатшысы Хромтау ауданына барды. Мұнда Ақжар селолық округінде орналасқан дауыс беру учаскесінің санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, «Ақжар ауылдық округі» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясының жақтастары лигасының мүшесі Ерлан Саиров праймеризге қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Праймериздің негізгі мақсаты – халықтың сеніміне ие жергілікті жердегі атқарушы билікке өзінің сөзін айта алатын азаматтарды мәслихаттарға алып келу. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының ең негізгі сұранымы ол – демократия. Халықтың бір ақ тілегі бар, ол – биліктің халық ойынан шығып отыруы», – деді ол. Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жантас Нұримовтың айтуынша, партияішілік сайлауға Хромтау ауданынан 31 кандидат қатысуға ниет білдірген. Олар тау-кен өндіру өнеркәсібі, білім беру және медицина, кәсіпкерлік және тағы да басқа сала өкілдері. Барлық кандидат партия мүшелерімен кездесулер өткізіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда «Nur Otan» праймеризіне Ақтөбе облысы бойынша 486 кандидат қатысып жатыр. 7 қыркүйекте кандидаттар үгіт-насихатты бастады. Барлығы 2 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылған. Оның 234-і онлайн түрде өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT