«Nur Otan» партиясының өкілдері «Есіктен есікке» акциясын өткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Кесебаева Балайым, Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Өтев Мінажадин мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Көланова Жанат сайлаушылардың үйлерінде болып, насихат жүргізді.

Кандидаттар Қазалы қаласы, Жанұзақов көшесінің тұрғыны Тұрмағанбетова Даража есімді зейнеткердің шаңырағында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Сондай-ақ, үміткерлер үгіт жұмыстарын Ж.Жабаев көшесінің тұрғыны Югай Роза Алексеевнаның үйінде олып, үгіт жұмыстарын жалғастырды.

«Партия сөздің емес, істің партиясы екеніне дәлел болатын жұмыстар молынан. Осы орайда алдағы бес жыл­ға түзілген сайлауалды бағдарламаныз нәтижелі болары сөзсіз. Біздің партиямыз – Қазақстанның халқы мен биліктің бірлігін қалайтын көшбасшы партия»- деді кандидат Балайым Кесебаева.

Үміткерлер сайлаушыларды алдағы науқанда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Соңғы жаңалықтар