Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында маска тегін таратылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 28 наурызында маска өндірісінің тәуліктік көлемі 773 мың дананы құрады. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 228 мың, тігін кәсіпорындары – 545 мың медициналық маска тігуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпарат «СК-Фармация» ЖШС-ға беріледі, олар медициналық маскаларды өткізуді жүзеге асырады. Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді еліміздің өңірлері бойынша бөледі. Дәке және мата маскалары жергілікті атқарушы органдармен шарт негізінде сатылады. Сонымен қатар, «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында «Mega Pharma» ЖШС фармацевтикалық кәсіпорны Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына тегін 100 000-нан астам медициналық маска таратты», - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, Түркістан облысындағы Кентау қаласында еріктілер ұйымдары 20000 бетперде таратты.

Бүгінгі күні медициналық маскаларды өндіру жұмыстары отандық мына кәсіпорындармен тәулік бойы жүргізіледі: «Dolce» ЖШС (Алматы обл.), «Super-pharm» ЖШС (Жамбыл обл.), «Mega Pharma» ЖШС (Жамбыл обл.), «Medical Active Group» ЖШС (Алматы қ.), «Мерусар» ЖШС (Павлодар қ.), «ТК-Фарм Ақтөбе» ЖШС (Ақтөбе қ.).

Сонымен қатар, маскалар өндірісіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды: «Dalatex» ЖШС (Қызылорда қ.), «Большевичка» ЖШС (Қостанай қ.), «Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент қ.), «Ас Фарм» ЖШС (ШҚО), «Тыныс» АҚ (Көкшетау қ.), «КазЛегПром» ЖШС (Алматы қ.), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау облысы) және басқалары жұмылдырылды.

«Бүгінде барлық фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының қуаты толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн маскаға дейін өндіруге мүмкіндік береді. Тігін және фармацевтикалық кәсіпорындарды маскалар өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Azala Textile» ЖШС-мен бірлесіп дәке өндірісін іске қосу мәселесі пысықталды. Бүгінгі күні қуаттылығы тәулігіне 3,6 мың селдір мата шығаратын 3 станок іске қосылды», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Өндірістік цикл мемлекетаралық стандартқа сәйкес жолға қойылған (МЕМСТ 9412-93 медициналық дәке). Сондай-ақ, кәсіпорын төмен тығыздықтағы ағартылған мақта матасын шығарады.

Бұдан бөлек, дезиинфекциялық құралдар туралы айта кетсек, биылдың 28 наурызында 94 332 литр өндірілген, қоймада 144 200 литр бар. Дәріхана желілеріне, көшелер мен үй-жайларды дезинфекциялау үшін 100 093 литр тиелген.


Соңғы жаңалықтар