Нұр-Сұлтан балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алан» балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы «білім беру мекемесі қызметкерінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Биылғы жылдың 25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді»,– деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде баланы ұрып-соғу туралы ақпарат тараған болатын.


Соңғы жаңалықтар