Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жол белгілеріне сары түс қолданылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күн жылына басталысымен елорданың көшелеріне жол белгілерін қою жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту мақсатында Полиция департаменті шет елдердің тәжірибесін зерделей отырып, жаңа сызбалар мен техникалық құралдарды қолданып, елорда жолдарында қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда.

Елорда аумағында пилоттық жобада Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін сары түсті жол таңбасының қос тұтас желісін қолдану бойынша жұмыс эксперименттік тәртіппен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл таңбаны Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында да қолдану жоспарлануда.

Жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік актілердің талаптарында көрсетілген белгіні сары түспен қолдану мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын атап өту қажет. Жол жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша осы белгілеуді пайдалану кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, оның ішінде жол ережелеріне өзгерістер енгізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар