Нұр-Сұлтан қаласында мұғалімдер жетіспейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қала мектептеріне мұғалімдер жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұғалімдер тапшылығы бар. Қала тұрғындарының саны артып келе жатыр, яғни жыл сайын өсім бар. Сәйкесінше, мектепке баратын бала саны да артып келеді. Сондықтан бұл салада біршама жүктеме бар» - ,деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, 22 мектеп шамадан тыс толығып отыр, ал 8 мектеп үш ауысымда.

«Қазіргі кезде бізде кем дегенде 500 мұғалім жетіспейді. Сонымен қатар дәрігерлер тапшылығы бар, былтыр 400 дәрігер жетіспеген еді. Коронавирус бұл тапшылықты ушықтырып жіберді. Барша әлем осы дағдарысты еңсеріп жатыр», - А. Көлгінов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан әкімі жаңа оқу жылына дайындық жайындаайтып берді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы мектептерге қанша компьютер сатып алынатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар