+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан қаласында жолдағы шұңқырға көлік түсіп кетті

2021 жылғы 19 сәуір 01:10
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан қаласында жолдағы шұңқырға көлік түсіп кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жол үстінде пайда болған үлкен шұңқырға көлік түсіп кетті. Қала басшылығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Жайыққа батқан 8 жасар бала құтқарылды Қытайдың оңтүстік-батысында тікұшақ көлге құлады Жамбыл облысында жоғалған сүңгуірдің денесі 35 күннен кейін табылды

«Ш.Уалиханов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысындағы жол жабындысындағы ойық мердігер ұйым диаметрі 300 мм СДР 17 трубасын сүңгіту тәсілімен тарту кезінде технологиялық процестерді сақтамауы салдарынан пайда болған. Соның кесірінен жауын суын ағызатын конолизацияның коллекторын (канализациядағы сұйық зат пен газды шығарып тұратын кең труба) су шайып кетіп, жол үстінде шұңқыр пайда болған. Бұл келеңсіздікке себпекер болған мердігер ұйым жауапқа тартылады» делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары шұңқыр пайда болған алаңды қоршады. Ойықты бітеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 19 сәуір күні «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ПД Жол полициясы басқармасы бірлесе жол жабындысын қалпына келтіру жұмысын жүргізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT