Нұр-Сұлтан мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 cәуір күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Сұлтан және Балқа қалаларында болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, елордада жағымсыз метеожағдай бірнеше күннен бері тіркеліп отыр.


Соңғы жаңалықтар