Нұр-Сұлтан мен еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада және Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

1 қарашада Нұр-Сұлтанға тұман түседі

Сондай-ақ 31 қазан, 1 қараша күндері Ақмола облысының кей жерлеріне тұман тұседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 1 қараша күні күндіз шығыстан соққан жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-100%.

Жамбыл облысында 31 қазанда, 1 қараша күні түнде кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.


Соңғы жаңалықтар