«Нұр-Сұлтан-Павлодар» жаңа жолы қашан пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан-Павлодар» жолы осы жылдың соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан-Павлодар» жолының ұзындығы 30 шақырымды құрайды. Бүгінгі күні жолдың 22 шақырымынан басқа бөлігі толықтай пайдалануға берілген. Яғни, пайдалануға берілмеген 22 шақырымы бар. Осы учаскенің мердігері «Ақмола құрылыс материалдары» тапсырыс беруші «Қазавтожол» ұлттық компаниясына шағым түсірген«, - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бүгінде аталған мәселеге қатысты сот талқылауы жүріп жатыр.

»Таяу уақытта «Қазавтожол» ұлттық компаниясының пайдасына сот шешімі шығады деп ойлаймыз. Содан кейін аталған компания учаскені пайдалануға беретін болады«, - деді Сайранбек Бармақов.


Соңғы жаңалықтар