«Нұр-Сұлтан - Петропавл» тасжолында қар тазалап жүрген көлік өртенді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағындағы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының бойында қар тазалайтын көліктен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қаңтардың 27-де 14:30 кезінде Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 44-ші шақырымында, яғни Бозайғыр ауылының маңында «ҚазАвтоЖол» АҚ тиесілі қар тазалайтын «Supra» көлігі отқа оранғаны туралы ақпарат түскен.

«Анықталғандай, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Салдарынан көліктің кабинасы мен қозғалтқышына залал келген. Көлік жүргізушісі - 39 жастағы ер адам», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, қар тазалайтын көліктің өртенген видеосы Instagram желісінде тараған болатын.



Соңғы жаңалықтар