Нұр-Сұлтанда 13 363 нысан «Ashyq» жобасына қатысып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирусқа қатысты елордадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 26 ақпан мен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына – 13 363 нысан қатысуда, оның ішінде 1 904 қатысушы және 11 459 ерікті қатысушылар (кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау нысандары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындар және т.б.) бар. «Ashyq көшбасшысы» мәртебесі бар 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген», - деді А. Оралов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мониторингтік топтар 2021 жылдың 20 мамырынан бастап «Ashyq» қатысушыларының 15 725 нысанын тексерді. 574 нысанда шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзу фактілері анықталды.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес шеңберінде осы жүйені ШОБ объектілерінде, мемлекеттік мекемелер мен білім беру жүйесіне енгізу жалғасуда», - деді А. Оралов.


Соңғы жаңалықтар