Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды.

Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитар дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады.

Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны - 24 адам, оның 16-сы - Нұр-Сұлтан қаласында.


Соңғы жаңалықтар