Нұр-Сұлтанда 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар 18 наурыздан бастап стационарлық емдеуде болды.

Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.

Жүргізілген емдеуден кейін теріс нәтижемен 24 сағат интервалмен КВИ-де 2 рет зерттеу жүргізілді.

Енді олар 14 күн бойы үй карантинiнде болады.


Соңғы жаңалықтар