Нұр-Сұлтанда 5 көлік соқтығысып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада 5 бірдей көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, сағат 11:57-де «Kia Cerato» көлігін тізгіндеген жүргізуші Қабанбай батыр даңғылымен Рысқұлов көшесіне қарай келе жатып, рульге ие бола алмай, өзімен бір бағыттағы «Hyindai Accent» автомобилін соққан. Жол-көлік апаты салдарынан «Kia Cerato» жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, тағы үш автомобильмен түйіскен.

«Соқтығысқан көліктердің ішінде 55 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Iveco Daily» маркалы автобус та болды. Жол апаты орын алған сәтте автобуста жолаушылар болмаған. Апат салдарынан «Kia Cerato» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жарақат алды. Ол қалалық ауруханаға жеткізіліп, ол жерде тексеруден өткен соң үйіне жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомство ақпаратына қарағанда, бүгін елорда аумағында 60 жол-көлік оқиғасы орын алған. Осыған орай Полиция департаменті жүргізушілерден жол жүрісі барысында барынша сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды және маневр жасау ережесін мүлтіксіз орындауды өтініп отыр.


Әлеуметтік желілерден алынған фотосурет


Соңғы жаңалықтар