+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда алимент төлемей жүрген борышкердің джипі тәркіленді

2021 жылғы 2 наурыз 22:52
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда алимент төлемей жүрген борышкердің джипі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Борышкердің алимент төлемегені үшін кезекті жол талғамайтын көлігі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының (ЖСО) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Борышкер сот шешімін қасақана орындамаған және сот орындаушысымен байланысқа шықпаған. Бұған қоса сот шешімін елемеген.

«Нұр-Сұлтан қаласының ЖСО іс жүргізуінде азаматша Н-дан азаматша М-ның пайдасына 3 361 869 (үш миллион үш жүз алпыс бір мың сегіз жүз алпыс тоғыз) теңге мөлшерінде алимент және берешек өндіріп алу туралы сот бұйрығы бар. Борышкердің 2006 жылы шыққан «CADILLAC ESCALADE» маркалы автокөлігі тәркіленіп, мәжбүрлеп сатуға берілді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ЖСО өңірлік палатасының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Сауда-саттық өтіп, машина 5 135 000 теңгеге сатылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT