Нұр-Сұлтанда автокөлік өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Audi маркалы машина өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 ақпан күні сағат 17:55-те Нұр-Сұлтан қаласы өрт сөндіру қызметінің пультіне Республика және Кенесары көшелерінің қиылысында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Audi маркалы автокөлік жанып жатқан. Жедел іс-қимыл арқылы өрт 18:06-да тоқтатылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар