Нұр-Сұлтанда бірнеше мәрте пара алған шенеунік 26 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көліктік бақылау инспекциясы басшысының лауазымы аталған инспекцияның бас маманы лауазымына дейін төмендетілді. Бұл туралы «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атына ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200 бабына сәйкес жіберген ұсынысына сәйкес, ҚР ИИДМ жауапты хатшысының бұйрығымен 1 маусымда Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Мейрам Қоңырқазов инспекцияның бас маманы лауазымына дейін төмендетілді. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес, қарамағандағы қызметкері жемқорлық қылмыс жасаған кезде ведомствоның басшысы жауапкершілікке тартылуы тиіс.

«Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекцияның автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімі бас маманы Самат Айдаркеновке қатысты ірі габаритті тасымал субъектілерінен жалпы қамқорлығы және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін бірнеше рет пара алуға қатысты қылмыстық істі аяқтаған болатын», - деді Жазира Жылқышиева.

Оның атап өтуінше, сот барысында Самат Айдаркенов бірнеше мәрте пара алғанын толық мойындап, оған 26 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылған.


Соңғы жаңалықтар