+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда COVID-19 жағдайлары 33,8%-ға төмендеді

2021 жылғы 3 наурыз 09:51
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда COVID-19 жағдайлары 33,8%-ға төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сарапшы «Спутник V» вакцинасының тиімділігіне қатысты түсінік берді Ақтөбе облысында монша мен сұлулық салондары жексенбі күні жұмыс істейді «Қызыл» аймақтағы Өскемен мен Семейде сауда орындары қалай жұмыс істейді

«Қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шараларының арқасында қалада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендегені байқалады. Бүгінгі күні қаладағы апталық қарқынды көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда - 53,96-ты көрсетеді. Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймақта» тұр, репродуктивті саны – 0,997», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингіде.

Қалада барлық жастағы және контингенттер арасында CОVІD-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Жыл басынан бері 6707 зертханалық расталған CОVІD-19 жағдайы тіркелген және 85 клиникалық-эпидемиологиялық расталған CОVІD-19 жағдайлары ПТР-тестінің теріс нәтижесімен тіркелкен.

Тәулігіне 68 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде болған. Ал 73 ошақ анықталса, оның 54-і үйлерде, 19-ы ұйымдастырылған топтарда орналасқан.

«Сонымен бірге симптомы бар науқастардың үлес салмағы қаңтар айында 65,2 % болса, ақпан айына 68,09 %-ға дейін өскен. Атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында симптомдармен сырқаттану 3,5%-ға өсті», - дейді спикер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT