+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандардың 48% − жұмыс істейтіндер

2021 жылғы 3 наурыз 09:58
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандардың 48% − жұмыс істейтіндер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жас мөлшерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус пневмониясы: Бір тәулікте 107 жағдай тіркелді Тәулік ішінде 2307 қазақстандық коронавирустан сауықты Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты

«Бұрынғыдай көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды. Жұмыс істейтіндер ауру жұқтыруға анағұрлым бейім болады, олар жалпы сырқаттанушылықтың 48% алады. Бұл ұжымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмайтынын куәландырады», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Қазіргі уақытта тіркелген 857 үй ошағы бар, онда науқастармен қарым қатынаста болған 2 161 адам медициналық бақылауда.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT