Нұр-Сұлтанда екі автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 56, 73 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді», – делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, 30 маусым мен 5 шілде аралығында Қордай көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылады.


Соңғы жаңалықтар