+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда Камиль Муллашевтің жеке көрмесі ашылды

2019 жылғы 23 қараша 01:26
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда Камиль Муллашевтің жеке көрмесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан мен Ресейге танымал суретші Камиль Муллашевтың жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген Джеки Чанның фестивалінде айтқан әнінің видеосын жариялады #Abai175: Талғат Теменов Абай өлеңін оқу эстафетасын Атырау әкіміне жолдады

Суретші Камиль Муллашев 1970 жылдары таныла бастады. 1978 жылы адамның ғарыш кеңістігіне шығуы және тың жерлерді игеруін «Жер және Уақыт. Қазақстан» триптихында бейнеледі. Третьяков галереясы бұл жұмысты бірден өз коллекциясына енгізді.

«Бұл көрмеге Қазақстанда өткізген 50 жыл шығармашылық өмірімде салынған 130 картина қойылды. Бұл менің ғана тарихым емес, Қазақстанның да тарихы. Туындыларды қазақтың рухани құндылығы деп айтуға болады. Мен өз дәуірімді, кеңестік кезеңді және ең маңызды тарихи уақыт – Қазақстанның тәуелсіздік жылдарын көрсеткім келді. Өз заманымдағы өмір мәнін көрсеткім келді. Тарихи кейіпкерлер мен қоғам қайраткерлерін салдым. Менің туындыларымның басты тақырыбы осы. Сондықтан да, халық менің шығармаларымды жылы қабылдап, түсіне алды. Әсіресе, «Нәзіктік аурасы» атты туындымның көшірмелері көп үйде сақтаулы. Мен әлі де жұмыс істеймін, ойға алған жоспарларым бар. Одан бөлек, жастарға сабақ беріп жүрмін», - деді суретші көрменің ашылу салтанатында.

Көрменің ашылуына қоғам қайраткерлері, татар, башқұрт бірлестіктерінің өкілдері және студенттер келді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің құттықтау хаттары оқылды.

Камиль Муллашев 1944 жылы Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында дүниеге келген. 1963 жылдан бері Қазақстанға қоныс аударған. 1967 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1978 жылы – Суриков атындағы мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. Қазіргі уақытта Камиль Муллашев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері және Татарстанның Халық суретшісі, Қазақстан мен Татарстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей көркемөнер Академиясының Құрметті академигі, Чао-Жао қаласындағы Хан-Шан педагогикалық институтының және Шан-Тао университетінің құрметті профессоры, «Астана» халықаралық университетінің профессоры.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT