Нұр-Сұлтанда Қаныш Сәтбаев пен Махатма Гандиге ескерткіш орнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада академик, геолог және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаев пен Үндістанды британдық отарлаудан азат ету ұлттық қозғалысының көшбасшысына айналған, кезінде Махатма Ганди есімімен танымал болған Мохандаса Карамчанды Гандидің құрметіне ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті.

«Елордада жаңа ескерткіштер орнату жоспарда бар. Айтар болсақ, Қаныш Сәтбаевқа, Махатма Гандиге ескерткіш қоямыз. Бүгінде оларды орнататын орын іздестіріліп жатыр. Неге анықталуда? Өйткені ескерткішті кез келген жерге қоя алмаймыз. Сондықтан ескерткіш қоюға болатын жерлер таңдап алынады. Мысалы, Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші Қажымұқан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына орнатылса, ыңғайлы болар еді», - деді Н. Уранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатынан соң тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұған дейін аталған басқарма басшысы биыл елордада 54 сквер салынатынын мәлім еткен болатын.


Соңғы жаңалықтар