Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіру спортынан ел чемпиондары анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен мәлім еткендей, чемпионат 23-25 қазан күндері аралығында «Алау» Спорт сарайында өтеді.

«Турнирде еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық құрамасының жетекші спортшылары қатысады», - деді комитеттің баспасөз қызметінен.

Жарыс бағдарламасы:

23 қазан - 500 м (ерлер, әйелдер) және 1000 м (ерлер, әйелдер) жүгіру.

24 қазан –3000 м (әйелдер), 5000 м (ерлер). Топтық спринт - әйелдер, ерлер.

25 қазан - 1500 м (әйелдер, ерлер). Топтық жарыс - әйелдер, ерлер. Масс-старт - әйелдер,ерлер.

Соңғы жаңалықтар