+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда көпір астынан спортпен айналысатын алаңқай ашылды

2020 жылғы 19 қыркүйек 20:46
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда көпір астынан спортпен айналысатын алаңқай ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы үш мың шаршы метрге жуық жаңа көпір алаңы абаттандырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов өз «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Баян-Өлгей қазағы бодибилдингтен «Моңғол мистері» атанды Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетика кешені халықаралық ұйымның сертификатына ие болды

«Тұрғындарымыз бен елорда қонақтары үшін тағы бір көпірасты кеңістік (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ маңы) ашылды. Ол үшін 3 мыңға жуық шаршы метр жер абаттандырылды. Жаңа қоғамдық кеңістік екі бөлек орналасқан үлкен аумақтан тұрады. Бұл – баскетбол және воркаут алаңдары. Жас тұрғындарымыздың өтініші бойынша скейт-алаң ашылып, теннис үстелі орнатылды.

Суретшілеріміз де қабырғаларға танымал спортшыларды бейнелеп, ол да өзіндік сән беріп тұр. Бұл – балалардың көз алдында оларға рух беріп, өздеріне сенімді болуы үшін үлгі боларлықтар көрініс. Өйткені кәсіби ареналарға апаратын жол және салауатты өмір салтын қалыптастыру ауладағы спорттан басталатыны белгілі. Ол үшін биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Осының өзі бізге 300 мыңнан аса адамның спортпен айналысуына жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, 3 тұрғын алапта үлкен спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сол сияқты бірқатар спорт нысанына жөндеу жүргізіледі.

Карантин бізге денсаулыққа аса мән беріп, иммунитетімізді көтеріп, спортпен айналысу керектігін көрсетті», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT