Нұр-Сұлтанда коронавируспен күреске 100 млн теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресу үшін 100 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласына 100 млн теңге бөлінді. Мынаған назар аударғым келеді: Волонтер жылы аясында «Nur Otаn» партиясымен бірге акция бастадық. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын азық-түлік, гигиеналық құралдар және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етеміз. Қордың ақшасы қайда жұмсалып жатқанын жариялап отырамыз. Меценаттар бөлгісі келетін қаражатты да жариялап отырамыз. Бұл қаражаттың бәрі коронавируспен күреске арналған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.


Соңғы жаңалықтар