+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда құрылыс қалдықтары полигоны салынады

2020 жылғы 20 мамыр 21:06
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда құрылыс қалдықтары полигоны салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда биыл құрылыс қалдықтарын орталықтандырылған жинау және қайта өңдеу үшін полигон құрылысы басталады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала шетінде қоқыс үшін рұқсат етілмеген орындар байқалуда. Құрылыс компаниялары сол жерге заңсыз қоқыс төгуде. Оған қоса қыстан соң қармен бірге құрылыс қоқыстары шығарылғаны анықталуда. Қазір қоқыс шығарудамыз. Кәсіпорындардан басқа, пәтерлерге жөндеу жүргізген қала тұрғындарының өздері қоқыс шығарды. Рұқсат етілмеген жерлер экологиялық жағдайды нашарлатады. Экологиялық полиция осындай заңсыз әрекеттер үшін тәртіп бұзушыларға айыппұл салады. Тазалық мәдениетін қалыптастыру қажет», – деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Қала әкімінің орынбасары елордада құрылыс қалдықтарына арналған полигон салу қажетін атап өтті. Әкімдік полигон жобасын әзірледі. Қазір орны анықталуда.

Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов экологиялық полиция мен аудан әкімдеріне ескерту жасап, заңсыз қоқыс шығаруға жол бермеуді және құрылыс қалдықтарын шығару орнын анықтауды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT