Нұр-Сұлтанда құрылысы бітпеген ғимараттан өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Мәңгілік ел даңғылының бойында орналасқан құрылысы бітпеген ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 17:10 шамасында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Мәңгілік ел, 40 А мекенжайына келіп жетті. Келе салысымен құрылысы бітпеген «Көркем-4» тұрғын үй кешенінде битум жұмыстары жасалып жатқаны белгілі болды. Осы жұмыстың барысында ағаш «поддондар» өртенген. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды» деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 17:36 шамасында сөндірілген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.



Соңғы жаңалықтар