Нұр-Сұлтанда республикалық STEM-олимпиада басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда тұңғыш республикалық STEM-олимпиада басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана Innovations» сілтеме жасап.

STEM (science, technology, engineering and mathematics) сайыс - техникалық білім саласындағы барлық соңғы жетістіктерді қамтыған инновациялық білім олимпиадасы. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D үлгілеу секілді ғылымдардан тұрады.

Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің телеграм-каналында атап өткендей, «Астана Innovations» тұңғыш рет республикалық «STEM - білімдегі инновациялар» олимпиадасын өткізіп отыр. Алматы, ШҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарынан келген командалар 3Д принтер, робототехника жиынтықтары, ноутбуктар, лазербот, Windows Mixed reality шлемі, сондай-ақ жазғы лагерьге жолдама секілді жүлделер үшін сайысады.

«Іс-шараға барлығы 140 команда тіркелді. Бұл дегеніміз бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам оқушы. 2018 жылы елімізде оқу STEM зертханалары ашыла бастады, олардың алғашқысы елорданың №41 мектебінде пайда болды. Бүгінгі күні Қазақстанда 90-нан астам STEM-зертханалар ашылған, оның 36-сы - Нұр-Сұлтанда. Жақын арада мегаполистің басқа мектептерінде тағы 65 зертхана ашу жоспарланып отыр, осылайша STEM-қамту 100%-ға жетпек. Бұдан басқа, барлық астаналық мектептер робототехника кабинеттерімен жабдықталған, балабақша базаларында робототехника негіздерін зерттейтін 20 алаң ашылды» делінген хабарламада.

Қозғалыс дұрыс бағытта жүріп келеді, өйткені балалардың қызуғышылығы ойды дамытуға, зияткерлікті арттыруға, демек инновацияларға бағытталған. Мұның барлығы әлемнің технологиялық дамуына алып келеді.

Соңғы жаңалықтар