Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7-9 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, аталған дода астанада орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетіні жоспарланған.

Халықаралық бәсекеге Грузиядан - 26, Тәжікстаннан - 11, Қырғызстаннан - 21, Ресейден - 7, Өзбекстаннан 15 балуан қатысады.

Еске салайық, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 2020 жылдың 2 тамызында 69 жасында дүниеден озды.

Кейіннен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елордадағы Жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіров есімі берілді. Сондай-ақ оның есімімен Жамбыл облысындағы «Тараз-Арена» стадионы атала бастады.


Соңғы жаңалықтар