Нұр-Сұлтанда жер телімдерінің электрондық картасы жасалып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында жердің электрондық картасы жасалуда. Нақты уақыт режимінде жер учаскесі туралы бәрін біле аласыз: оның кадастрлық нөмірінен бастап коммерциялық меншікке дейін. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұроваға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Барлық функциялар мына параметрлерді қамтитын геоақпараттық платформа түрінде жасалады:

• 2D карта (ТЖЖ, функционалдық аймақтарға бөлу, жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері және басқа);

• Үш өлшемді фотореалистік мәліметтер базасы үшін 3D карта;

• Көгалдандыру карталары, автожолдар, гидрография және елорданың басқа да инфрақұрылым объектілері.

Қала бойынша 5 мыңнан астам рейс және 801 км2 - бұл 1 пикселге 3 см дәлдікпен Нұр-Сұлтан жер учаскелерін цифрландыру көлемі.

Жұмыс 3 кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең дайын:

• Қаланың барлық салынған аумағын аэрофототүсіру;

• Цифрлық жерді және қаланың рельефтік моделін құру.

2 кезең 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

• 2D карта;

• 3D карта;

• Көгалдандыру карталары, автожолдар, гидрография және қаланың басқа да инфрақұрылым объектілері.

3 кезең 2021 жылғы 1 сәуірге дейін:

•Қаланың инженерлік желілерінің карталары

Бұдан басқа, геоақпараттық орталық шеңберінде цифрлық мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде жер учаскелерін ұсыну мүмкіндігі туады.

Геоақпарат порталын іске қосу 2021 жылға жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар