Нұр-Сұлтандағы авария: Сол жағалаудағы кейбір үйлер жарықсыз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын станциясының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель линиясы зақымданды. Салдарынан сол жағалаудағы кейбір тұрғын үйлер жарықсыз отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Астана АРЭК» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

«10 қарашада түнгі сағат 02.04-те аталмыш станциядан қосылған нысандардың электрмен жабдықтау линиялары апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель линияларына қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларының электр тоғы соғуын болдырмас үшін электрмен қамтудан ажыратылды. Апат салдарын жою бригадалары құрамында, 15 адам және 6 арнайы техника, қажетті жабдықтарымен шұғыл түрде жұмысқа кірісті. 5 жедел-көшпелі бригадалар нысандарды қайта қосумен айналысуда. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлар іске қосылды. Кабель желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда», делінген компания таратқан хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне нақты қай үйлерде жарық жоқ екені анықталып жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар