+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтандағы карантин: Жаңа қаулы жарияланды

2021 жылғы 26 ақпан 16:04
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтандағы карантин: Жаңа қаулы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының тіркелуінің төмендеуін ескере отырып, жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында монша мен сұлулық салондары жексенбі күні жұмыс істейді ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда Ақтөбеде карантин талабын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

Жаңа қаулы бойынша бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), митингілер, шерулер, жиындар өткізуге салынған тыйым күшінде қалады. Қызметі жаңартылмаған нысандар: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар,компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға баруға да тыйым салынған.

Әйтсе де меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіруге рұқсат берілді. Одан бөлек сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыс күшейтілмек. Сол секілді қалалық қоғамдық көліктің жұмысы штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырылады. Қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысы жанданады. Сондай-ақ, жексенбіде С ОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT