Нұр-Сұлтандағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6%

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев елордадағы жұмыссыздықтың қай деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, шағын және орта бизнес саласында бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша өнім шығару көлемі 3 трлн 981 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,7%-ға көбірек.

«2021 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасын іске асыру жыл сайын экономиканың қызмет көрсету салаларында 23 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді Қайсар Манқараев қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссия отырысында.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, 9 айда Нұр-Сұлтандағы өнеркәсіптік өндіріс 982,5 млрд теңгені құрады, мұнда 12,6% өсім бар. Жыл басынан бері 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 11%-ға жоғары.


Соңғы жаңалықтар