Нұр-Сұлтанға Минскіден келген екі әуе жолаушысы ПТР тестілеуден бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанға Минскіден келген екі әуе жолаушысы ПТР тестілеуден бас тартты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

31 қазанға қараған түні Минскіден Нұр-Сұлтан әуежайына коронавирус инфекциясына ПТР сынағының сертификатынсыз 19 жолаушысы бар рейс келді. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес олардың барлығы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін карантин стационарына жеткізілуі керек.

Алайда, әуежайда Қазақстан Республикасының екі азаматы мамандардың оларды карантин стационарына жеткізу әрекеттеріне қарсылық білдіріп, коронавирус инфекциясына ПТР тестілеуден өтуден бас тартты.

«50 жастағы ерлі-зайыпты Минскіден ПТР сертификатсыз келді. Олар тест тапсырмауға тиіс деп санайды. Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бар, онда шетелден қажетті анықтамаларсыз ұшатын жолаушыларға қойылатын талаптар нақты жазылған. Полиция департаменті, ТКСҚБД өкілдері осы ережелерді түсіндірді, бірақ олар тестілеуден бас тартты. Егер олар ПТР сынағынан өтіп, теріс нәтиже алмаса, ауруханадан шығарылмайтынын түсінуі керек», - дейді №3 көпсалалы қалалық аурухана директоры Жұлдыз Данбаева.

Карантин стационарында лобораторлық зерттеуден өткен және КВИ үшін теріс нәтиже көрсеткен осы рейстің барлық жолаушылары үйлеріне жіберілді.

Сонымен бірге, талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келе жатқан бір жолаушыда КВИ анықталғанын хабарлаймыз. Ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Онда ол коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасына сәйкес ем алады. Жақын байланыста болған екі адам үй жағдайындағы карантинге алынды.

Барлығы бір түнде 3 халықаралық рейс келді. Оның ішінде 30 жолаушының ПТР сертификаты болмаған.


Соңғы жаңалықтар