Нұрлан Ермекбаев Арыс маңында қаза тапқан әскери қызметшінің жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс маңында жарылыстан қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аманжол Советұлы Ақышевтің туған-туыстарына көңіл айтамыз. Отбасының қайғысына ортақпыз. Бұл - тек Ақышевтер әулеті ғана емес, бүкіл Қарулы күштер үшін орны толмас қаза», - деді Қорғаныс министрі.

Еске сала кетсек, осыдан үш күн бұрын арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жиналған оқ-дәрі фрагменттерін жою кезінде оқ-дәріге уақытынан бұрын детонация жасалған. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А. С. Ақышев қаза тапқан болатын.

СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінен мәлім еткендей, осы оқиғаға байланысты өңірге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев бастаған топ және Аманжол Ақышевпен қызметтес болған әріптестері келе жатыр. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов өңірге жетті. Жерлеу рәсіміне байланысты барлық шығынды министрлік өз мойнына алды. Сондай-ақ ведомство марқұмның отбасына материалдық-әлеуметтік көмек беретін болды.

Соңғы жаңалықтар